Navigation

  • Облыстық пәндік білім олимпиадасында мерейіміз үстем болды

    Облыстық пәндік білім олимпиадасында мерейіміз үстем болды
    6/1/2016

    Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының,  деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім - адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.  Білім  -өміріміздің  қайнар көзі. Біз біліммен  сусындау арқылы биік белестерден көріне аламыз. Білімді адам  өзінің  жетістіктерін талмай еңбектену арқылы  көрсете алады. Оның жемісін көретін өзі, отбасы және өзінің оқыған ортасы. Білімді көрсетудің ең әділ түрінің бірі- білім олимпиадалары. Білім олимпиадаларына  қатысушы бір пәнді жетік білуші. Сол пәннің қыр сырын жетік меңгеруші.

    Осы жылдың 5-6 қаңтар аралығында барлық облыста облыстық олимпиада болып өтті. Біздің лицейімізден  29 оқушы қатысып,14 оқушы жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болды.  

    Облыс бойынша 17 дарын  мектептерінен  950 оқушы  қатысып , соның 400 оқушысы II кезеңге өтіп бақ сынасты. Жалпы қорытынды бойынша 114 оқушы орын алған.

    Біздің лицейіміздің оқушылары гуманитарлық пәндер бойынша 12 орын, жаратылыстану пәндері бойынша 2 орын иеленді. Атап өтер болсақ: 

     -Қазақ тілі бойынша: қазақ тобы  Мүсір Арайлым  II орын 11 -сынып атынан. Жетекшісі: Иманова Жанат.

    Өзге ұлт өкілдері атынан Ибрагимова Нозима I орын 10 -сынып атынан , Сәлімжанова Әсел II орын 11- сынып атынан. Жетекшісі: Изенова Запура .

    -Ағылшын тілі бойынша:Дана Исмайыл I орын11-сынып атынан, Надирходжаева Мафтуна II орын 11 -сынып атынан, Мұратбекқызы  Аружан I орын 10 -сынып атынан, Умарова Зулфия II орын 10 -сынып атынан. Жетекшісі:Аекенова Раушан.

    - Тарих жане Құқық  пәні бойынша: Тағаева Лаура II орын 11- сынып атынан. Құқық бойынша:  Шамилова Динара III орын 11- сынып атынан, Жәнібек Аружан II орын 10- сынып атынан. Жетекшілері:Тилеубаева  Гүлжан, Шарипов Арман.

    –Орыс тілі бойынша: Қахарманова Алуа I орын 10- сынып атынан, Оразбаева Даяна III орын 11- сынып атынан. Жетекшісі:Арифханова Шах-Сэнэм  Талятовна .

    Жаратылыстану пәндері бойынша:

    - Биология пәні бойынша Тастанбекова Талшын I орын 9- сынып атынан. Жетекшісі:Нуралиева Ләззат.

    -География пәні бойынша Рахымберді Арайлым III орын10 -сынып атынан. Жетекшісі:Орманова Нұргүл.

    Республикалық олимпиадаға лицейімізден 11 оқушы  жолдама алды. Ол Көкшетау және Петропавл  қалаларында болып өтеді деп күтілуде.

                  Лицейіміздің оқушылары  Республикалық олимпиада кезінде де  облысымыздың мерейін асқақтатып, туын биікке көтереді  деген сеніммен, оларға жеңіс пен жетістік тілейміз.

     

                                                                                                                                  Шымкент қаласы

     №2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі

    9Б сынып оқушысы  Жұмабай Айбике

  • «Елімнің бақытын тербеткен- тәуелсіздік!»

    «Елімнің бақытын тербеткен- тәуелсіздік!»

           

     

    Тәуелсіздік – асыл арман. Ол - сан ғасырлар бойы бабалардың, қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.  Қоғамдық дамудың қазіргі рухани жаңғыруында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғатын, Отанын құрметтейтін,  жерін сүйетін, жан-жақты құзырлы Қазақстан азаматын тәрбиелеу мақсатында, тәуелсіздігімізге 24 жыл, «Қазақ хандығына - 550 жыл» толуына орай «№2  қазақ-түрік  қыз балалар лицейі» мемлекеттік мекемесінінде «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік!» атты тарих апталығының іс-шарасы жасалып, жоспар негізінде  бірқатар   жұмыстар атқарылды. 14-желтоқсан күні ашылу салтанатымен ,  Ибрагимовтың орындауында «Көк тудың желбіреуі» бейне баянды оқушылардың тамашалауымен басталды. 8 «Б» сыныбында  Г.Тилеубаеваның  «Қазақстанда отарлық езгінің күшеюі»  тақырыбында оқушылардың тәуелсіздіктің тарихи мәнін білумен қатар, оны құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатындағы, білімділік пен білік  дағдыларын қалыптастырумен ұштастырылған   түрлі танымдық тапсырмалар арқылы, шығармашылық   қабілеттерін дамытатын жаңа әдіс–тәсілдерді қолдану арқылы ашық  сабағы өтілді.  Сонымен қатар қазақ халқында Керей мен Жәнібектің еліміздің ірге тасын қалауында сіңірген еңбегін кеңінен ашу мақсатында «Қазақ хандығына  – 550 жыл» атты тақырыпта оқушылар арасында эссе жазылды. Халқымыздың  ұлттық салт-дәстүрінің ерекшелігін насихаттау мақсатында «Қазақ халқының ұлтық құндылығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

        15 желтоқсан күні А. Шарипов 7 «А» Монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы  тақырыбында қызықты топтық  сайыс сабағы өтілді. 1991 – 2015 жылдар аралығын қамтитын тарих беттеріндегі оқиғалардың қыр-сырын ашу мақсатымен тәуелсіздік шежіресімен таныстырылым жасалды. «Бабалар тарихы»   тақырыбында макеттер жарысысының да үлкен тәрбиелік мәні болды.  «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»  тақырыбында Г.Тилеубаевамен   А. Шариповтың басшылығымен   сахналық қойылым арқылы,  отансүгіштікке тәрбиелейтін  мәні бар мерекелік іс-шара  өз дәрежесінде өтілді.  Тарих  қойнауына саяхат  мақсатында 7-10 сынып аралығында қызықты  «Қазына» ойынымен аптық жалғасын тапты. Тәуелсіздік белестері және оның мәнін ұғыну барысында «Балалық шағымның аспаны» кино  эпопеясын  оқушылар қызыға тамашалады. Бұл үлкен тәрбиелік мәні бар, патриоттық рухқа тәрбиелейтін  құнды дүние болды. 7-8-9 - сыныптар  аралығында тәуелсіз еліміздің жетістіктері, жерін сүйетін  рухани құндылықтарын асқақтату мақсатында А. Шарипов ұйымдастырылуымен «Дарабоз»  интеллектуалдық ойыны өтілді,  апталықты қорытындылау мақсатында  барша іс-шаралардың нәтижесінде белсенділік танытқан, шығармашылық  қабілеттерімен ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды. Оқушыларды шығармашылыққа, отансүйгіштікке, адамгершілік құндылыққа  баулитын жұмыстартармен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына негізделген  ұлттық мемлекетінің  дамуы мен  келешегіміз кемел,  көк туымыз жоғары желбіреп, айбынымыз асқақтай берсін!

     

     

     

    Шымкент қаласы

    «№2  қазақ-түрік  қыз балалар лицейі» 

    Тарих пәні мұғалімі Тилеубева Гульжан Пердебековна

  • «Абай» - ұлы ақын

    «Абай» - ұлы ақын

    Драматургия – Әуезов мұрасының орасан бай саласы, туған әдебиетіміздің аса құнды асыл қазынасы. Оның ішінде, әсіресе, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Абай» секілді пьесалары бүгінде осы жанрдың бүкіл дүниежүзілік классикалық үлгілеріне айналып кетті. Әуезов драмаларының арасында шоқтығы биік, қазақ сахнасынан күні бүгінге дейін өзектілігін жоймай келе жатқан шығармасы – Абай.

    «Абай» - ұлы ақынның образын сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма. Мұнда Абай өмірінің соңғы шағы көрсетілген. Ол данышпан ақынның, кемеңгер ойшылдың шытырман өмір кешіп келіп, кемелді кезіне жеткен шағы еді. Сонымен бірге, ол сол заманның зорлық-зомбылығына, сорақы әділетсіздіктеріне қарсы тұрған қайраткердің бейнесін елестетеді.

    «Абай» трагедиясына арқау етіп алынған мәселе екі жастың – Айдар мен Ажардың жазықсыз таза махабаттың озбыр феодал Оразбай, Нарымбеттердің қастандық қарсылығына ұшырауы. Шығармаға өзек болған екі жастың жеке бастарын қорғаған Абайдың жанашырлық күресі баяндалады.

    №2Шымкент қазақ-түрік қыздар лицейіндегі драма үйірмесі мүшелерінің ұлы суреткердің «Абай» трагедиясынан үзінді көрсете отырып, өткен дәуір шындығын «мыңмен жалғыз алысқан» Абай бейнесін ашуға талпынуы кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы талпынысы көңіл қуантады. Әсіресе, Абай бейнесін сомдаған Аманбай Сымбаттың, Нарымбет пен Оразбай бейнесін аша білген Рысымбет Пернайым мен Серимова Айжанның сахна талаптарын орындауы көрермендері тәнті етті. Басқа да актерлардың өздері бейнелеген кейіпкерлердің мінез-құлқын ашуы, қимыл-қозғалысы драманың  сәтті шығуына өз әсерін тигізді. Қойылым көрермендердің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.

     

    Шымкент қаласы

    №2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі

    «Драма» үйірмесінің жетекшісі  Солтанбеков С

  • ЛИТЕРАТУРНЫЙ ВЕЧЕР «БЕССМЕРТНО ИМЯ ТВОЁ, АБАЙ!»

    ЛИТЕРАТУРНЫЙ ВЕЧЕР «БЕССМЕРТНО ИМЯ ТВОЁ, АБАЙ!»

    Абай Кунанбаев – культурное наследие не только казахского народа,

    а всего человечества.  В эти дни по всей стране широко отмечается 170-летие со дня рождения Абая Кунанбаева – великого поэта, писателя, философа, мыслителя, общественного деятеля,   основоположника современной казахской письменной литературы, реформатора культуры в духе сближения с русской и европейской культурой.

             В КТЛ №2 для девочек г. Шымкент в рамках декады, посвященной 170-летию А. Кунанбаева, был проведен литературный вечер «Бессмертно имя твое, Абай!», целью которого является  формирование  мировоззрения об Абае, как личности мирового значения, как о мудреце и мыслителе.  На вечере учащиеся 10-х классов читали стихи Абая, его  «Слова-назидания», где Абай выразил многолетние раздумья, поиски и обретения, тревогу и отчаяние, скорбь и радость, исполнили песню «Көзімнің қарасы» и танец под песню «Желсіз түнде жарық ай». В ходе мероприятия были продемонстрированы видеоролик о жизни и творчестве  национальной гордости казахского народа А. Кунанбаева  и слайд-презентация высказываниях великих людей об Абае.

      Великий сын казахского народа, Абай Кунанбаев, оставил в наследие прекрасные творения. В них воплощена вся его жизнь, его мечты о светлом будущем. Его пламенные стихи и мудрые "Слова назидания" никогда не утратят своей силы и свежести. Абай вечно с народом.

     

     

     

    г.Шымкент

    № 2 КТЛ.

    Исаева Ж.

  • 9 желтоқсан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

    9 желтоқсан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
    9/12/2015

    Желтоқсанның 7-10 күндері аралығында мектебімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру және құқықтық оқыту» тақырыбында апталық өтті. Осыған байланысты белгіленген күндер арлығында атқарылатын іс-шаралар жоспарланды. Желтоқсанның 7-ші жұлдызында лицейіміздің орталық теледидарынан «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламалары», «Адам мен заң»тақырыбында видео-слайдтар оқушылардың назарына ұсынылды. Ертеңгі күні, яғни 8-ші желтоқсанда Шарипов Арман ағайдың ұйымдастыруымен АКТ залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері» және «Өз құқығымызды білеміз бе?» тақырыптарында баяндама оқылды. Бұл апталықта оқушылардың белсенділігі «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты тақырыпта жазылған шығармадан көрінді. Бұл шығармаларды оқушыларға тапсырып, жауапкершілікті мойнына алғандар Иманова Жанат апай мен Солтанбеков Серік ағай болатын. Ал 10-ы күні  «Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кәсіподақ жиналысы ұйымдастырылды.

                Қорыта келе, қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қою керек, осы бағытта жұмыс істеу керек. Сол жұмыстардың бірі - жылда мектептерде өтілетін осы тақырыптағы апталықтар. Сонда ғана еліміздің алтын болашағы бұл ұғым жайында дұрыс түсінік қалыптастырады. Ал, бұл бағыт, бұл жол - Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

     

     

    Шымкент қаласы

    №2 қазақ – түрік қыз балалар лицейі

    10 «А» сынып оқушысы Мелдебек Мадина

  • Педконсилиум-білім сапасын жетілдірудің үздік үлгісі

    Педконсилиум-білім сапасын жетілдірудің үздік үлгісі

    Қазіргі оқу-тәрбие үдерісінде  мектептің білім сапасын арттырудың әртүрлі тәсілдері бар. Солардың бірі,  педконсилиум өткізу, біздің лицейімізде дәстүрге айналған  маңызды шара.  Бұл дәстүр үстіміздегі жылдың 21 қарашасында өз жалғасын тапты. Педконсилиум мақсаты – мектептегі әрбір баланы тереңірек танып-білу, оқушылардың оқу үдерісіндегі мүмкіндіктерін талқылау, педагогикалық, психологиялық ұстаныммен жеке тұлғаны дамыту. Әрине, бұл мақсат ата-аналардың қатысуымен ғана жүзеге асатын дүние.  Жалпымектептік осы  шараға оқушылардың ата-аналары белсенді түрде қатысты. Педконсилиум барысында  ата-аналар  барлық пән мұғалімдерінен балаларының үлгерім деңгейін, сабақтағы тәртібін, пәнге деген ынта-ықыласын, қызығушылығын,   талабын сұрап білді. Пікір алысу барысында ұстаздар оқушылардың жетістіктерімен бірге, олардың кемшіліктеріне де тоқталып өтті.  Мұнда ұстаздар біздің  ата-аналарымызбен бірігіп, бізге көмек беретін жолдарды қарастырды. Кейбір ата-аналар лицей әкімшілігіне ұсыныстарын айтты.  Консилиум соңында  ата-аналар ұстаздарға алғыстарын айтып,  оқу-тәрбие ісінде табыс тіледі.  

                                                                                                                           Үмбеталиева Әлия, 10-сынып оқушысы

  • Сүйінші!!! Қоржынымызда қола медаль

    Сүйінші!!! Қоржынымызда қола медаль

    Қараша айының  20-21 күндері  «KATEV» Халықаралық қорының  ұйымдастыруымен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында волейбол жарысы өтті. Алматы қаласында өткен турнирде қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейлері мен колледждерінің арасынан  үздік деп танылған 9 команда бақ сынасты. Олар: Астана, Қарағанды , Тараз, Қызылорда, Шымкент, Алматы қаласындағы қыздар лицейлері, сонымен қатар Жамбыл есеп-экономика колледжі, Сүлеймен Демирел колледжі, Galaxy халықаралық мектебі.

         Лицейімізде  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Балтабаева Жадыраның басшылығымен волейбол командасы құрылды. Командаға үздік ойыншылар: Әбден Айдан, Сапархан Ақниет (11«А») , Жорабай Камшат (11 «Б»), Жорабай Перизат, Мұстапаева Ұлжарқын (10 «А»), Серимова Айжан, Надирходжаева Мафтуна (9«А») – іріктеліп алынды. «Мақсатымыз – топ жару» деп ұрандаған қыздарымыз бұл тартыста мектептің абыройын асқақтатып,  жүлделі 3-орынды иеленді,  лицейімізге жеңіспен оралды.

        «Әртүрлі білім, ғылым жарыстарына қатысып үйреніп қалған  қыздарымызға бұл турнир  ерекше әсер қалдырды.  Спорт десе ішкен асын жерге қоятын шәкірттеріміздің  осы жақсы бастама дәстүрге айналса екен тілегі бар», - дейді Жадыра апай. Біз де өз кезегімізде спортсүйер қыздарымызды жеңісімен құттықтап, оларға білімде де, спортта да тек табыс тілейміз.

                                                                                        Нартай Айжан, Шәмілова Динара

                                                                                                       11-сынып оқушылары

  • Сайлаушылар өз таңдауын жасады

    Сайлаушылар өз таңдауын жасады

            

                Қазіргі таңда кез-келген мектепте оқушылардан құралған өзін-өзі басқару комитеті жұмыс жасайды. Мұндай ұйым біздің лицейімізде де белсенді түрде мектеп өміріне атсалысып келеді.  Осыған байланысты 16 қыркүйекте президенттік сайлау өтті. Жылына бір рет болатын бұл сайлауға  лицейіміздегі үлкен-кіші түгел өз үлесін қосты. Бұл жылы өзін-өзі басқару жүйесінің президентіне үміткерлікке 10А сыныбынан Шайқым Әмина, 10Б сыныбынан Мүсір Арайлым ұсынылды. Қызу сайыс түрінде өткен бұл сайлау бәрімізге, әсіресе, 10-сынып оқушыларына ерекше әсер қалдырды. Әртүрлі таныстырулар, брошюралар, видеолар мен постерлер кез-келген сайлаушының ойын өзгерте алатындай дәрежеде дайындалған еді. Сайлау нәтижесінде, 15 дауыс айырмашылығымен Шайқым Әмина алға шықты. Ал Мүсір Арайлым премьер-министр болып тағайындалды. Өзін-өзі басқару комитетінің жаңа құрамының лицейді көркейтетініне, оқушылардың білімі мен тәрбиесін одан әрі нығайтатынына кәміл сенеміз.
                                                                                                                       
                                                                                                                                                                                Асанбай Нурила

  • Туған тілім – тірлігімнің айғағы

    Туған тілім – тірлігімнің айғағы

    Кең байтақ Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлысқа бейбіт өмір сыйлаған киелі мекен. Тағдыр талайымен біздің елімізді пана тұтып, осында өсіп, өніп, бақытты ғұмыр кешіп жатқан бауырлас ұлт өкілдерінің ана тілдерін мемлекеттік тілімізбен бірге өрістету мақсатында 22 Қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі атап өтіледі.
              Біздің лицейімізде де әртүрлі ұлт өкілдері бір отбасы секілді тату-тәтті өмір сүреді. Олардың барлығы да қазақ тілін құрметтейді және сыйлайды. Біздің алтын ұямызда әр жылы тілдер мерекесі атап өтіледі .
             Тілдер мерекесі ойдағыдай өтті деп ойлаймыз. Бұл мейрамда жарыстар да, марапаттаулар да болды. Бүкіл сыныптар атсалысып, 7 «А» сыныбы өзбек, 7 «Б» сыныбы қазақ, 8 «А» сыныбы орыс, 8 «Б» сыныбы неміс, 9 «А» сыныбы түрік, 9 «Б» сыныбы қырғыз, 10 «А» сыныбы украин, 10 «Б» сыныбы кәріс халықтарының мәдениетін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен 9 «А» сыныбы бірінші орын, 7 «А» сыныбы екінші орын, 10 «Б» сыныбы үшінші орын  иегері атанды.
              «Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл». Ежелде  шешендердің қанатты сөздері ел тағдырын шешкен. Осы қанатты сөздерге байланысты сыныпты безендіруден де жарыс өтті. Бұл жарыстан да 9 «А» сыныбы бас жүлдені, 8 «А» сыныбы бірінші орынды, 10 «Б» сыныбы екінші орынды алды.
                 Осындай керемет көңіл-күй сыйлаған мейрамды ұйымдастырған ұстаздарға рахмет айтамыз. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» демекші, әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі болуы керек. Біздің болашағымыз – ана тілінде!

                                                                                                                                                                                         Ақмахан Бекзада

  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Лицейімізде тағы бір таң атты. Бірақ бұл таң басқаларынан ерекше болды, себебі көтерілген күнмен бірге сенбілік таң келді. Бұл шара лицей ауласын  тазарту мақсатында жасалды. Шараға қатысқан адамдардың ешқайсысы қол қусырып тұрмады, бәрі ұйымдасқан түрде еңбек етті. Бұл шараның тағы да бір мақсаты адамдарды бірлікке үйрету болды.”Жұмыла көтерген жүк жеңіл“ демекші,  барлық сыныптар сенбілікте  бірліктерінің жақсы екенін көрсетті. Сосын бір-екі сағаттың ішінде сенбілік те аяқталды. Лицейіміздің айналасы одан әрі тазара түсті. Бұл сенбілікке қатысқан барлық сыныптарға үлкен рахмет айтқымыз келеді.

     

                                                                                       Ақыл Гүлмира,  8”A” сынып оқушысы

  • 15 жасымда қойған мақсатыма қол жеткіздім...

    15 жасымда қойған мақсатыма қол жеткіздім...

    «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен ғана озбақ»...  (Абай)

    Әйгерім Мырзажанқызы:   «15 жасымда қойған мақсатыма қол жеткіздім»...

    -Әйгерім Мырзажанқызы, күні кеше Алматы қаласында өткен мұғалімдердің халықаралық олимпиадасына  қатысып, жүлделі 3 орынды жеңіп алдыңыз. Сізді осы жеңісіңізбен құттықтай отырып, сіз секілді мұғалімдердің қашанда мектеп  мақтанышы екенін жеткізгіміз келеді.  Әңгімемізді осы олимпиаданың мақсаты және өту барысы туралы таныстырудан бастасақ...

    - Бұл олимпиада 25-26 қыркүйекте Алматы қаласындағы Т.Жәутіков атындағы  республикалық физика-математикалық мектепте өтті. Жалпы олимпиаданың  ережесі бойынша, Қазақстанның әр облысынан 1 мұғалімнен қатысты, ал  Астана, Алматы қалаларынан қатысушы мұғалімдердің санына шектеу қойылған жоқ . Биылдан бастап бұл жарысқа шетелдерден де мұғалімдер шақырылған екен, олардың ішінде Ресей, Якутия, Қырғызстан, Өзбекстаннан қатысса, виза мәселесіне байланысты Венгрия мен Румыниядан талапкерлер келе алмады. Өткен жылы облыстық мұғалімдер олимпиадасында 1-орын иеленгендіктен, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мен қатыстым.  Жалпы олимпиада физика, математика, информатика пәндері бойынша 2 кезеңде өтті. 1-кезеңде пәнге байланысты деңгейі жоғары 4 олимпиадалық есепті шығарсақ, 2-кезеңде шығармашылық біліктілігімізді сынадық. 2-кезең мен үшін өте қызықты болды, өйткені  онда 1 есеп бойынша 4 оқушының жауабы беріледі, біздің мақсат әр оқушының есепті шығару жолын талдап, түсіндіру болды. Мұны эссе түрінде орындадық. Бұл тапсырмадан мен мұғалімдерді пәніне қызықтыру және өзін-өзі жетілдіру мақсаты қойылғанын аңғардым.

    -Олимпиада қай тілде өтті?
    -Қазақ және орыс тілдерінде өтті.

    -Сіз қола медальға қол жеткіздіңіз, ал бірінші және екінші орындарды қай елдің мұғалімдері алды?
    -Физика пәні бойынша барлық жүлделі орындарды қазақстандық мұғалімдер алды. Ал математика пәні бойынша Ресейден келген мұғалім, информатика пәні бойынша  Қырғызстанннан келген қатысушы екінші орындарды иеленді.


    -Физика пәні бойынша барлық жүлделі орындарды қазақстандық мұғалімдер жеңіп алды дедіңіз. Бұл - біздің физик ұстаздардың деңгейі жоғары деген сөз бе?
    -Мүмкін.


    -Жүлдегер атанғаныңызды естіген сәтте қандай сезімде болдыңыз?
    -Мен осы лицейдің түлегімін. Сондықтан, олимпиададағы жолым осы мектеп қабырғасында басталған. Сол кезде менің  республикалық оимпиададан орын алуым керек деген мақсатым болатын. Облыстық олимпиадаға қатарынан 3 жыл қатысып, жеңіс тұғырынан көрінсем де, республикалық олипиадада жүлдеге қол жеткізе алмадым.  Бәлкім, ол кезде дайындық жетпеген шығар?..  Қазір 31 жаста болсам да, 15 жасымда қойған мақсатымның іске асқанына өте қуандым.  Менің  түсінгенім,  адамның қатты қалаған арманы  қай кезде болса да орындалады екен. 


    -Сіздің жетістікке жетуіңіздің сыры неде?
    - Бірінші кезекте, пәнді жақсы көру керек.  Жақсы көрсең, қызықсаң, сол кезде нәтиже болады. Оның үстіне,  мектепте олимпиадамен айналысқаным бар.  Ал бұл олимпиадада тек физиканы білу жеткіліксіз, ұстаздық шеберлік те тексерілді.  Мысалы, бір тапсырмада бір есеп бойынша  4 оқушының  шығару жолы берілді. Менің соларға критерий бойынша баға беруім  керек. Ең жоғары баға – «3». Бір баланың есепті  шығарған жолына  қарасам, критерий бойынша «0» қою керек, бірақ мен баланың есепті шығару үшін тырысқанын ескеріп,  былай жазып бердім: «Бұл  бала критерий бойынша «0» алып тұр, бірақ мен мұғалім ретінде оған 1 балл беретін едім. Өйткені,  оның шығару жолы алғашында  дұрыс болып келе жатқан».

     Негізі, олимпиадада менен де мықты мұғалімдер болды. Олардың бір кемшілігі, бәлкім, оларға баламен жұмыс жасау тәжірибесі  жетпеді  не болмаса жас мамандар. Критерийге  қарап «0» қоя салуға да болмайды.


    -Иә, Әйгерім апай, оқушылардың сізді не себепті  сонша жақсы көретінін енді түсіндім(әзілдеп күлдім). Халықаралық деңгейдегі олимпиададан 3-орын алып, шәкірттерге үлгі болдыңыз. Осы орайда, өзіңізден лицейіміздің оқушыларын, олимпиадаға қатысатын қыздарымызды ынталандыратын тілек сұрасақ...
    - Адам есейген сайын ойлайтын заттары көбейіп, басқа да жауапкершіліктері арта  бастайды. Ал қазіргі оқушылардың бар істейтін жұмысы – оқу. Егер олимпиадасына көп көңіл бөліп, алдарына мақсат қойып, уақытылы дайындалатын болса,  кез келген жетістікке жетеді.  Уақытты ешқашан қайтара алмайсың, сол үшін қолда бар кезде қадірін біліп, еріншектіктен арылу керек. 

    -Қызықты сұхбатыңыз үшін үлкен рақмет. Сізге, отбасыңызға амандық, ұстаздық қызметіңізге жеміс, шәкірттеріңізге жеңіс тілейміз!


                                                                                                                             Сұхбаттасқан Айжамал Махашова
     

  • «Жүректен жүрекке» жеткен тосын сый

    «Жүректен жүрекке»  жеткен тосын сый

    «Жүректен жүрекке» жеткен тосын сый

    Қазанның он бесінші жұлдызында лицейімізде керемет кеш өтті. «From heart to heart», яғни «Жүректен жүрекке» атты кешті бізге тосын сый ретінде тәрбиеші әпкелеріміз дайындады. Жүректен шыққан сөз, жүректен шыққын көңіл еш уақытта да өзгенің жүрегін жібітпей қоймайды. Сол кездегі бес қабатты алып торт пен тәтті сусындар және де әр сыныптың өнері мен қызықты ойындары бізді қатты қуантты. Әрине, бұл кеш әрқайсысымыздың көңілімізден шықты. Әпкелерімізге үлкен рахмет айта отырып, оларға бақыт, зор денсаулық, қажымас қайрат, сәттілік тілейміз!

                                                                                         Амантай Мадина, Нұрғали Мерей

  • БІЛІМДЕ ШЕКТЕУ ДЕ, ШЕКАРА ДА ЖОҚ

    БІЛІМДЕ ШЕКТЕУ ДЕ, ШЕКАРА ДА ЖОҚ
    29/10/2015

                

            29 қазан күні қазақ-түрік лицейлерінің ұйымдастыруымен облыстық көркемсурет мұражайында «Білім және денсаулық көрмесі» өтті. Онда  жаратылыстану пәндері бойынша 60-қа жуық жоба ұсынылып, оны тамашалау үшін өзге мектеп ұстаздары мен оқушылары жиналды. Көрмені  ОҚО әкімінің орынбасары  Ерлан Айтаханов ашты. Кіріспе сөзінің арасында оқушыларға: «Білімді адам болыңдар. Лимонның суын қалай сығып алсақ, сендер де білімді де солай бойға сіңіруге тырысыңдар», -деп, оқуда сәттілік тіледі. Өзі де көрменің белсенді көрермені болды. Көрменің қызықты өткендігіне күмән жоқ. Қазақ-түрік лицейлерінің талапты жастары өздерінің жобаларын келушілерге үлкен ынтамен түсіндірді. Алуан түрлі құрылығылар, жаңа технологиялар,қызықты тәжірибелер мен логикалық ойындар ұсынылды.  Әсіресе, өзге мектеп оқушылары тың мәліметтерді кезіктіріп, ғылымға деген құлшыныстарын арттырып қайтты. Алда осындай көрмелер жиі болады деп сенеміз.

     

  • Фотоальбом
    4/3/2015

    Лицейде өткен іс-шаралардан көріністер

  • "Сырлы жеңге, сұлу қыз"

    Үстіміздегі жылдың 27 ақпанында лицейімізде «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауы өтті. Қазақы дәстүр мен салтты сақтап, отбасының ұйытқысы болған жеңгелер мен жанұяның ерке гүлдері  – қыздары қатысқан бұл тағылымды сайыстың көпшілікке берген өнегесі мол болды. Сайыстың  I орын жүлдегерлері болып Әбдіманапқызы Майра мен қайынсіңлісі Өміртай Ұлпан танылды.

  • Семинар

    2015 жылғы 27 ақпанда Шымкент қаласындағы  №1ер балалар лицейінде «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану – оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудың негізі» тақырыбында семинар өтті. Облысымыздың аудандық және «Дарын» мектептерінен барлығы 115 мұғалім қатысқан бұл семинарда Шымкент қаласындағы  №1, №2 қазақ-түрік лицейлерінің ұстаздары ашық сабақтар мен тренингтер өткізсе, шәкірттер қауымы білім көрмесін ұсынды. Оқытудағы соңғы технологияларды күнделікті сабақта қолданудың оңтайлы тәсілдері мен тиімді тұстары семинар арқауы болды.

  • Лицей іс-шаралары
    4/12/2014

    Ата-ана,оқушы мен мұғалімдер іс-шараларынан көріністер

  • Мобильді нұсқа қолданушыларына

    Мобильді нұсқа қолданушыларына

    Құрметті мобильді нұсқа қолданушылары,

    Сіздер сабақ кестелеріңізді  өздеріңіздің қолданып жүрген мобильді құралдарыңыз арқлы көрулеріңізге болады. Егер сізде интернетке қосылған  iPad, iPhone немесе Android негізінде жұмыс істейтін телефоныңыз болса, онда Сіз сол платформаларда жұмыс істейтін бағдарламаны орнатып алуыңызға болады.

    Нақтырақ мәлімет  here.

  • Хабарландыру

    Хабарландыру

    Құрметті мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар!

    1-желтоқсан Тұңғыш президент күні құтты болсын!

    Лицейімізде 2-5 желтоқсан аралығында Тұңғыш президент күніне байланысты іс-шаралар өткізіледі. Баршаңызды осы шараларға шақырамыз

  • Веб-сайт туралы

    Веб-сайт туралы
    24/9/2014

    Лицейіміздің веб-сайты интернет әлемінде. Бұл жерде оқушылар тізімі, мұғалімдер, сабақ кестесі, сабақ алмастырулар секілді мәліметтерден басқа көптеген мүмкіндіктерді қолдана аласыз.

Жаңалықтар

Лицейдің мекен-жайы

  • Шымкент қаласы білім басқармасының «Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты» КММ
    Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесі №114г ғимарат.
  • 8 (7252) 57-66-62

Фотогалерея