Президент—елдің көшбасшысы, алға тартары. Ол бізді басқарғанымен, берер бұйрығын бізден алады. Сондықтан біз президентпен әрдайым тығыз байланыста боламыз. Міне, осындай адам біздің де лицейде бар. Ол – лицейіміздегі Өзін-өзі басқару жүйесінің басшысы. Ол адам оқушылар мен мұғалімдер арасындағы көпір тәрізді.
Ал, енді бұл адам қандай болуы керек? Ең алдымен өзіне сенімді әрі шыдамды болуы шарт. Әр сөзіне берік, айналасындағыларды тыңдай білетін және еңбекқор болса ғана «президент» деген дәрежеге лайық бола алады. Елбасын сайлау кезінде халықтың өз таңдау құқығын демократиялық түрде жүзеге асыра алтыны сияқты, біздің лицейде де жыл сайын осы тәріздес сайлаулар болады. Осындай сайлау бұл жылы 15 қыркүйекте болды. 10-сынып оқушылары Жұмабай Айбике мен Надирходжаева Мафтуна үміткер болды. Сайлау барысында 200-дей оқушының, лицей ұстаздары мен қызметкерлерінің дауыстарының басым бөлігі Жұмабай Айбикеге тиесілі екені анықталды. Оған қоса өзін-өзі басқару жүйесінің министрлері тағайындалып, жалпы құрам жаңартылды. Лицей үміт артқан оқушылар өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, білім ордамызды көркейтеді деген ойдамыз.
15-22 қыркүйек аралығында лицейімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс жоғары деңгейде өтті және оқушыларымыздың жадында ұмытылмастай әсер қалдырды. Ойынға оқушылармен бірге лицейіміздің мұғалімдері мен тәрбиешілері де белсене қатысты. Ойын нәтижелері келесідей: 7-8 сыныптар арасында 8 «В» сыныбы, 9-10 сынып арасында 10 «А» сыныбы, 11-сыныптар, мұғалімдер, тәрбиешілер арасында 11 «А» сыныбы жеңімпаз атанды. Осылайша қыздарымыз өздерінің спорт саласында да осал еместігін дәлелдеді. Осындай іс-шараларымыздың арқасында лицей оқушыларының бірлігі артып, салауатты өмір салтын ұстануға деген құлшыныстары арта түсті.
Әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуші жандар-ұстаздар. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Жылына 9 ай бойы оқушыларды білім нәрімен сусындатып, жолынан жаңылған сәтте дұрыс бағыт-бағдар берер аяулы ұстаздарымыздың мерекесі біздің лицейде де аталып өтті. Мереке таңертең ұстаздарымызды қарсы алумен басталды. Жезтаңдай әншілеріміз ән салып, мың бұралған бишілеріміз би биледі. Әдеттегідей ұстаздарды сыныптарға бөліп, араға жылдар салып, мектеп партасына қайта отырды.Ұстаздарға дүниетанымды арттыратын сұрақтар қойылып, көңіл көтерер ойындар ойнатылды. Әрине, мейрам үлкен әрі мол дастархансыз болмады.
Күн әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Бағдарлама қызықты ойындармен, көңілді билермен және де арнайы ұстаздар үшін шығарылған өлеңдермен толықтырылды. Түрлі әрі әсем қабырға газеттері мерекеміздің сәнін келтірді. Сонымен қатар, дәстүрлі номинациялар ұмыт қалмады. Шын пейілмен жасалған дәмділер, бағдарлама және де оқушылардың сыйы ұстаздарымыздың көңілінен шықты және де бала жанының бағбандарына денсаулық, отбасыларына амандық, істеріне сәттілік тілейміз.
«Тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбындағы өтілген іс-шара оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін, тарихи деректер арқылы танымдарын арттыру, тарихи тұлғалардың ерліктерін насихаттау арқылы отансүйгіштікке адамгершілікке тәрбиелеу мақсатына негізделген. 28 қыркүйек «Тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбындағы тарих күнінің ашылу салтанаты Е. Ибрагимовтың орындауында «Көк тудың желбіреуі» бейне баянмен бастау алды. 1916 жылғы ұлт -азаттық көтеріліске 100 жыл (1916 – 2016) жыл толуына орай 9-сынып оқушылары арасында Тилеубаева Г.П. жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана сайыс сабақ өтті. «1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліске 100 жыл» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдатырылды. «Менің туған өлкем» тақырыбында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін 7-8 сынып оқушылары арасында эссе жазылды. Оқушыларды рухани құндылығын арттыру мақсатында ұлттық мұражайға саяхат жасаумен іс –шарамыз аяқталды. Бір күн көлемінде оқушылардың есінде қаларлық әсерлі болған іс-шарамыз жабылу салтанатымен аяқталды.
Қыркүйек айының 30 күні Сұлу табиғатымен тамсандырған – Қазақстан атты география күні болды. Әр түрлі видиороликтермен география күнінің ашылу салтанаты өткізілді. Фото викторина сайысы ойдағыдай өтті. Дүниежүзі мен Қазақстанның суреттері қойылды. Оқушылар барлық суреттердің қай елде орналасқанын бір-бірімен таласа тапты.
Ойынның шарты бойынша дұрыс жауап беріп сурет үзінділерін жинап, бүтін сурет құрастыру керек. Сонымен қатар қазына ойыны да жоғары деңгейде ойналды. Бұл ойында оқушылар мұғалімдерге барып географиялық танымдық сұрақтарға жауап берді.
Бұл сайыста 8 А. 9А сыныптары мәреге алғаш болып жетті. Күн соңында жеңген оқушылар марапатталып, география күні аяқталды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың : «Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел» деп айтқанындай Қазақстанның ендігі дамуы жас ұрпақтың қолында. Қазақстандағы робототехника— өте жас сала. Жапония, АҚШ, Германия сияқты робототехникасы дамыған елдер биік дәрежедегі өндіріске ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбектің арқасында жеткендігі мәлім. Робототехника дегеніміз – роботтардың құрылысы, жұмысы және де қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну және мәлімет өңдейтін механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Қазіргі таңда жастарымыздың робот жасауға деген қызығушылығы күн санап артуда. Оған қоса, жаскелең ұрпақтың бұл ынтасын арттыра түсер бастамалар да баршылық.
Оныншы қыркүйекте химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ–түрік лицейлері және NIS арасында WRO (World Robot Olympiad) жарысының облыстық кезеңі өтті. Жарыстың нәтижесінде 10 «В» сынып оқушылары Оразбаева Даяна және Шермаханова Фариза жүлделі 1- ші орынға ие болды. «Жарыс өте қызықты және әділ өткізілді», - дейді қатысушы қыздарымыз.
Өткен жылы Оразбаева Даяна және Ақылбек Балнұр Астана қаласында өткен KRC жарысында 3-орын иеленген. Жарыс лицейлер арасында ұйымдастырылды. Ал біздің лицейімізде 5 Arduino, 5 Lego Mindstorm Ev3, 2 Home Edition, және 1 Education жиынтығы бар. Роботтар толықтай шәкірттеріміздің қолданысына даяр.
Оқушыларымыз шыңдардан көріне берсін!!!
Қыркүйектің жиырма тоғызыншы жұлдызында Шымкент № 2 қазақ-түрік қыздар лицейінде, лицей табалдырығын жаңадан аттаған,7-сынып оқушыларына арнайы
11-сынып оқушылары атынан «Құтты болсын қадамың, Нұрлы болсын әр таңың мен әр күнің!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара лицей бүлдіршіндеріне лицейді танытып, лицейлік өмірдің тек оқумен ғана шектелмей, өзге де қызықты, әрі қыр - сырларын көрсетіп ,7-сынып оқушыларын қуанту мақсатында өткізілген болатын.
Концерттік бағдарламада 11-сынып оқушылары өздерінің көңілді әндері мен көркем билері арқылы халықты тамсандырса, лицей КВН құрама командасы өз әзілдерімен көрермендерге күлкі сыйлап, кешті жандандыра түсті. Кешімізді тәмәмдай келе, бүлдіршіндерімізге кішігірім сыйлықтар табысталды. 7-сынып оқушыларына арналған бұл кешіміз оқушыларды сергітіп, қуанышты көңіл күйге бөледі деген үміттеміз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазанның онынышы жұлдызы күні «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» атты лицейімізде ата-аналар арасында спартакиада болып өтті. Ата – аналарымыз волейбол, шахмат, үстел теннисі спорт түрлерінен сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша I орын 11 «В», II орын 9 «А», III орын 8 «В» сыныптары иеленді. Сонымен қатар спартакиадаға белсене қатысқан, үздік ойын көрсеткен ата-аналарымыз марапатталып, сыйлық табысталды. Спартакиадаға барлық сыныптың ата-аналары мен оқушылары белсене қатысты. Спартакиаданың соңы мерекелік дастарханмен аяқталды. Осындай іс – шаралар ата-ана – мектеп – оқушы арасындағы тығыз қарым – қатынастың нығаюына өз үлесін қосады.
Отбасы - тал бесік. Барлық тәрбие осы отбасымыздан басталатыны сөзсіз. Баланың жақсы азамат боп өсуіне ата-анамызбен қатар, ата-әжелеріміздің де ерен еңбегі сіңеді. Бізді тура жолға жетелейтін жақсыға үйреніп, жаманнан барынша алыс ұстайтын, ақыл кеңесін аямайтын да осы ата-әжелеріміз.
Осындай асыл да ардақты ата-әжелерімізді төрімізге шығарып, үлгі тұтып көгімізге шығару бәріміздің мойнымыздағы парызымыз. Осындай ұранмен білім ордамызда «Қарттар-қазына, Құрметте, бас ие , бағына!» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кешке көптеген ата-әжелер шақырылды.
7 - қыркүйекте оқушылар арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты эссе жазу сайысы З. Изенова мен С. Солтанбековтің ұйымдастыруымен өтті. Эссе жазуға 24 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Эссе жазу сайысына қатысқан оқушыларға да алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.
Жүлде алған оқушыларға диплом мен сыйлықтар табыс етілді.
22 қыркүйек күні тәрбие ісі жөнінен орынбасар З.Изенова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Алдиярдың ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күніне орай «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік кеш өтті. Кеш сыныптар арасындағы жарыс түрінде жүргізілді. Әр сынып өзіне берілген Қазақстандық ұлттың мәдениеті, дәстүрімен көрерменді таныстырды. Төрешілер жеңімпаз сыныптарды анықтап, оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Бүгінгі білім беру жүйесінде жас ұрпаққа көп тілді меңгертуге баса назар аударылуда. Президентіміздің «100 нақты қадам – ұлт жоспарының» 79-қадамында айтылған білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша білім саласында біршама жұмыстар атқарылуда.
Сондай игі істердің бірі үстіміздегі жылдың 12 ақпан күні Шымкент қаласындағы №2 қазақ-түрік қыз балалар лицейінде «Үш тілде оқыту- жаңа заман талабы» деген тақырыппен оңтүстік өңірдегі мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарларына арналған облыстық семинар өтті. Жаратылыстану пәндерін оқытуда ағылшын тілін қолдану құзіреттілігін айқындауды мақсат еткен бұл басқосуды ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы, «Өрлеу» АҚ БАҰО филиалы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «№2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі» ұйымдастырды.
Семинардың ашылуында «Өрлеу» АҚ БАҰО филиалы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Ақтаев Мұхтар Бексұлтанұлы, «Өрлеу» АҚ БАҰО филиалы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» аға оқытушы З.А.Айнабекова «Білім мазмұнының жаңарту аясындағы көп тілділіктің орны» тақырыбында баяндама жасады. Лицей директоры Тұрлыбеков Еркін Балгабайұлы көптілде оқыту мәселесінде 23 жылдық тәжірибесі бар қазақ-түрік лицейлерінің бағындырған белестері мен алға қойған жоспарлары жайында сөйлесе, «KATEV» ХҚҚ қазақ-түрік лицейлері биология пән бірлестігінің әдістемелік жетекшісі, оқулық авторы Эрметов Бахтияр Турсунбаевич жаратылыстану бағыты бойынша ағылшын тілінде жарыққа шыққан пән оқулықтарымен таныстырды. Семинарда физика, химия және биология пәндерінен 7-8-сыныптарға ағылшын тілінде жүргізілген ашық сабақтар барысында озық үлгідегі ақпараттық-техникалық құралдарды қолданудың артықшылықтары көрсетілді. Ашық сабақтардан соң лицей оқушылары дайындаған білім көрмесінде түрлі тәжірибелік жұмыстар, робот құрастыру, логикалық ойындар көрсетіліп, көрермендер назарына қосымша материалдар ұсынылды. Көрмеден зор әсер алған қонақтар ризалығын жасыра алмады.
Семинардың қорытындысы ретінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел аясында ашық сабақтар мен Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтіп, мектептерде оқытуға ұсынған «Астана кітап» баспасынан шыққан ағылшын тіліндегі оқулықтар жайы талқыланып, жиналған көпшілік пікір алмасты. Шараға қатысушылар көптілде оқыту бағытындағы өз тәжірибесімен бөліскен лицей ұжымына алғысын білдіріп, алдағы уақытта осындай семинар-басқосулардың жиі ұйымдастырылуы білім саласындағы жаңа көкжиектерді бірге бағындыруға себеп болатынын жеткізді.
«Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен»- деп Ә.Тәжібаев айтқандай, 2016 жылдың 29 қаңтарында №2 қазақ-түрік қыз балалар лицейінің 11 сынып оқушыларымен «Ұлттық бірыңғай тестілеуге сеніммен барайық!» атты тренинг-сабағы жүргізілді. Тренингтің мақсаты - оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қиналған сезімдерінен арылту, бойына сенімділік ұялату және керемет жетістіктерге қол жеткізуге көмектесу. Жалпы тренинг барысында түлектерге сұрақтар қойылып, мотивациялық видеолар көрсетілді және «Менің ресурстарым», «Өз жұлдызыңды тап» арттерапиялық жаттығулары, «Молекула» және т.с.с. ойын-жаттығулары жасалды. Тренингті аяқтау мақсатында тренинг жүргізуші қолындағы керемет күнді (қағаздан жасалған күн бейнесі) жылы, жарық, қуаныш, бақыт нұрын төгіп тұрғандығын айта келіп, келесі қызға ыстық-ықыласын білдіріп ұсынды, осылайша тізбек жалғасып, барлық тренинг қатысушыларына кезегімен ұсынылды. Сонымен қатар мектеп ұстаздары мен қызметкерлерінің жылы лебіздері жазылған тілек парақшасы сиқырлы сандықтан өз иелеріне үлестірілді.
Педагог-психолог П.Х.Андакулова
Қаңтар айының 29-31 күндері ерекше бір жиын өтті. Ол лицей парламенті, яғни, өзін-өзі басқару жүйелерінің бас қосуы. Тараз бен Қызылорда қазақ-түрік лицейлерінің өзін-өзі басқару жүйесінің мүшелері шырайлы Шымкентімізге келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Апайларымыз дайындаған керемет таңғы астан кейін, Тараз бен Қызылорда қалалары қысқы Шымкентті көруге асыға жол тартты. Қаланы аралап, мұғалімдеріміз ұйымдастырған «этномузейге» бардық. Өз өңірімізден шыққан талантты дарын иесіне келген қонақтар тамсанып, өнеріне таңдайларын қағысты. Ертесіне көптен күткен негізі семинарымыз басталды. Семинардың шымылдығын Қызылорда қазақ-түрік қыз балалар лицейінің ағылшын тілі пәнінен беретін, кезінде өзін-өзі басқару жүйесінің президенті болған Жансая апайымыз ашып берді. Әр лицейдің өзін-өзі басқару жүйесі бірінші жарты жылдықта атқарған іс-шараларымен бөлісті.
Семинар соңында қонақтар ыстық ілтипаты мен жылы лебіздерін білдіріп, қош айтысты. Уақытымыз пайдалы және қызықты өтті. Бұл бас қосу игі істердің бастамасы болатынына сенеміз.
Шымкент қаласы
№2 қазақ – түрік қыз балалар лицейі
9 «А» сынып оқушысы Исағұлова Ырысты
Әр мемлекеттің ең басты құндылығы – адам, яғни , жеке тұлға. Жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттері бар.
Әсіресе, еліміздің болашағы, өмірдің жалғасы, балалардың да құқықтары әрқашан сақталуда.
Біздің лицейімізде 29 қаңтар күні облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы Жүнісова Ақмарал апаймен балалардың құқықтары мен міндеттері туралы кездесу-сұхбат болып өтті. Ақмарал апайымыз өз сөзін балалардың ең бірінші құқығы өмір сүру екендігімен бастады. Ия, шынымен де, біз өмір сүруге құқылымыз.
Қонағымыз оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, әрбір бала тегін білім алуға, емделуге, ойын ашық айтуға құқылы деп, т.б мәселелерді түсіндірді. Белгілі шарттар мен талаптар аясында әрбір он төрт жасқа толған бала жұмыс істеуге құқығы бар екен.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Мейірімді қала ”атты балаларға арналған бағдарламасы біздің қаламызда 2012 жылдан бастап енгізілген. Ол бағдарламаның негізгі мақсаты - балаларды оқудан тыс үйірмелерге жұмылдыру, спорт кешендеріне жіберу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Балалардың құқықтары мен қатар міндеттері де бар. Біз мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, ата-анамызға көмектесуге, қоғамдық орындардағы тәртіпті орындауға міндеттіміз.
Кездесу соңында оқушылар Ақмарал апайға әдемі сұхбаты үшін алғыстарын білдіріп, естелік ретінде суретке түсті.
Шымкент қаласы
№2 қазақ – түрік қыз балалар лицейі
9 «Б» сынып оқушысы Жұмабай Айбике
Қаңтар айының 28 жұлдызында біздің лицейімізде айтулы, бүкіл лицей ұжымының сүйікті мерекесіне айналып үлгерген «Достық күні» болып өтті. Сол күні суып бастаған ауа райына қарамастан, лицей оқушыларының көңіл-күйі жаздай жадыраңқы, көтеріңкі болды.
Осы іс-шараға жауапты «Өзін-өзі басқару жүйесі» қоңырауларда оқушыларға әр түрлі тапсырмалар жазылған парақшалар таратып берді. Ондағы «3 адамға сыйлық беру», «10 адамға достық хат жазу» деген секілді тапсырмаларды орындау бәрі үшін қызықты өтті. Тағы бір айта кетер нәрсе, лицейіміздің кіре берісіне «Достық почтасы» қойылып, әр адам өзінің ізгі тілектерін хат арқылы жазуға мүмкіндік алды. Хаттардың көптігі соншалық, әр күн сайын ауыстырып тұруға тура келді
Сондай-ақ, асханамызда арнайы кешкі ас ұйымдастырылып, әр сынып өзіне берілген түске байланысты ортақ бір нәрсе киіп келді. Көп кешікпей көптен күткен кешіміз де басталды. Акт залымыздың сәні де ерекше ұйымдастырылыпты. Сыныптар дайындаған өнерлерін көрсетіп, видеолар, слайдтар тамашаладық. Кешіміз бітуге таяғанда, сахнаға мұғалімдер мен қызметшілеріміз, тәрбиеші әпкелеріміз шығып, өздеріне түскен адамдарға сыйлық беріп, сыйлық алды. Қонақ ретінде келген ата-аналар да өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, кештің өте көңілді болғанын айтты.
7 сыныптарымыз үшін таңсық, ал осы жылғы бітіруші түлектеріміз үшін соңғы болып өткен «Достық күні» көңілді өтті. Осындай оң әсерге толы, лицейіміздегі бірлігімізді арттыратын іс-шаралар көп бола берсін дей отырып, қатысқан әрбір адамға рақметімізді айтамыз!
Шымкент қаласы
№2 қазақ – түрік қыз балалар лицейі
11 «А» сынып оқушысы Махашова Айжамал
Тілім менің 18-22 жұлдыздары аралығында №2 қазақ-түрік қыз балалар лицейінде «Тілім менің –елдігімнің айғағы» атты қазақ тілі апталығы өтті. Бұл апталықта алуан түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде қазына ойыны, қысқаметражды фильмдер жарысы, мұғалімдер сайысы, сұрақтар қоржыны, интеллектуалды ойын, және «Ақ қауырсын» атты шығармалар жарысы болып өтті.
Әр сайыстың өзіндік ерекшелігі бар. Қазына ойыны оқушыларды жылдамдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа баулиды. «Ақ қауырсын» атты жарыста оқушылардың өлең жазудағы өнерін, әңгіме құрастырудағы шеберлігін шыңдады. Қысқаметражды фильмдер жарысына келетін болсақ, барлық жасалған фильмдердің тәрбиелік мәні зор, түсірілім сапасы керемет болды. Мұғалімдер сайысы көңілді және қызықты өтті. «Сұрақтар қоржыны» ойнында әр сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәніне байланысты сұрақтар беріліп, оқушылар сый ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріміз пісірген қазақтың ұлттық тағамынан, бауырсақтан дәм татты.
«Тілім менің –елдігімнің айғағы» атты қазақ тілі апталығы өте қызықты өтті және жеңімпаз және белсене қатысқан қыздарға сыйлықтар берілді.
Шымкент қаласы
№ 2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі
10 «а» сынып оқушысы Әбілда Ақниет
Бәріміз білетіндей, қаңтар айының 18-22 жұлдызы аралығында лицейімізде «Тілім менің - елдігімнің айғағы» атты қазақ тілі апталығы болып өтті. Бір апта көлемінде білім ордамызда қызықты іс-шаралар мен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, «Қазынаны тап!», «Сиқырлы қоржын», «Әлем менің көзіммен» атты қысқа метражды фильмдер сайысы және тағы басқалары. Солардың ішінде маған өте ерекше әсер қалдырған іс-шара –«Ұшқыр ой мен шешен тіл».
Бұл сайыс лицей асханасында оқушылардың қатысуымен болып өтті. Мұғалімдердің бастауымен оқушылар қыздарымызға сан түрлі сайыстар ұйымдастырды. Атап айтсам, «Фильмнің атын тап!», «Ақын –жазушыларды тап!», «Кім 1000 теңгені ұтып алады» және «Елің жайлы не білесің?», «Әннің үзіндісін тап!», «Фразеологизм», «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Кейіпкерлерді құрастыр».
«Сайыс өте қызықты өтті. Қыздарымыз өте белсенді түрде атсалысты. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер әр түрлі сыйлықтар ұтып алды»,- деп ұйымдастырушы оқушылардың бірі Айжан Серимова ойын туралы өз ойын ортаға салды.
«Мен де бұл сайыстан шеткері қалмадым, берілген сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар ұтып алдым. Ойымды қорытындылай келе, бізге керемет апталық сыйлағандары үшін аяулы ұстаздарымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді7
Шымкент қаласы
№2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі
9 «А» сынып оқушысы Исағұлова Ы.
14 қаңтар күні лицейімізде ‘‘Анамызға қолғабыс етеміз’’ атты жеміс-жидектерді әдемілеп турау және сәндеуден сайысы болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсат - қыз баланың анасына қолғабыс бола алуы, келешекте әртүрлі жемісті сәндей білуі және бұлардың әрқайсысының әрбір организмдерге пайдалы екенін,қоспасында қандай дәрумендер бар екенін біліп жүру Бұл сайысқа 7-10-сыныптар белсене атсалысты. Оған біздің сыныбымыздан ,яғни, мен Қуанышева Әсемай және Жантураева Фариза екеуміз қатыстық.
Сайыс лицейіміздің оқушылар асханасында өтті. Тура бір жемістер әлеміне тап болғандай болдық... Жемістер құрамында дәрумендері көп, адам ағзасына пайдалы бір азық. Мысалы: мандарин, алма, банан, ананас, анар, алмұрт т.б.
Адамның қиялында шек болған ба? Сайысқа қатысушы оқушылар жеміс-жидектерден әр түрлі жануарлардың бейнесін сомдады. Жарыс өте қызықты өтті, қатысушы оқушылар және олардың жанкүйерлері белсендік танытты.
Бұл іс-шараға сынып ата-аналары да қолдау көрсетті. Сайыс барысында ата-аналар әділ қазы болды және әділ бағаларын берді. Ата-аналарымыз лицей қыздарының жемісті сәндеп, пайдалы жақтарын түсіндіргенін көріп тамсанды. Құрбым екеуіміз аз шығын шығарып,көп сәнді жемістерден дельфинді жасадық.
Жалпы жеміс-жидекпен алуан түрлі бейнелер жасаған өте қызықты. Адамның миы тынығып, үлкен әсер береді. Өзіңнің еңбегіне тамсана қарап отырған көңілге жағымды. Айтайын дегенім, лицей әкімшілігіне осындай іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сыныптасым Фариза екеуміз және 8’’Б’’ сыныбы бірінші орынды иелендік. Әрине, бұл жеңісте сыныптас құрбыларымыздың да үлесі бар.
Шымкент қаласы
№2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі
9’’Б’’ сынып оқушысы Қуанышева Әсемай.
Алаш идеясы- «Мәңгілік Ел» құндылықтарының негізі