Navigation

  • Мектебіміздің қыздары 31 мамыр - 2 маусым аралығында Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласында өтетін WESTERN EDGE FIRST CHAMPIONSHIP жарысына жолдама алды.

  • Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі аяқталды. Жалпы 44 жүлделі орын. Бұл үлкен еңбектің нәтижесі. Атсалысқан барлық оқушылармызға, ұстаздарымызға, ата-аналарымызға мың алғыс білдіреміз. - 7 АЛТЫН 20 КҮМІС 17 ҚОЛА

  • 2024 жылдың 3-4 мамыр күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша - 7, 8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының - 3 - кезеңі - І орын – 7 ІІ орын – 8 - ІІІ орын -13

  • Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жалпы командалық есепте - 2-ОРЫН иеленді - Лицейіміздің қалалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі 1,2,3 орындарды иеленген дарынды оқушылары Шымкент қаласының «Дарын» орталығында марапатталды. - 7 алтын 19 күміс 18 қола

  • Жалпы рейтинг бойынша республикада 29 орын

  • Data update

    Data from the software aScTimeTables was updated
  • Қабылдау емтиханына тіркеу

    Құрметті 6-сынып оқушылары! Шымкент қаласының #2 "Білім-Инновация" лицейіне қабылдау емтиханына тіркеу басталғанын хабарлаймыз. 

    Тіркелуге қажетті құжаттар тізімі төмендегідей:

    ☑️ Оқушының ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІ (көшірмесі де болады)

    ☑️ ЖСН көшірмесі ‼️ Тіркелуге үміткердің өзі және 1 ата-анасы келуі міндетті

     

  • Республикалық воллейбол турнирі

    Республикалық воллейбол турнирі
    21/1/2017

          21-22 қаңтар аралығында «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен воллейболдан республикалық турнирде біздің лицейіміздің құрама командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! 

  • Тарих және география күндері

    Тарих және география күндері
    19/1/2017

          Қаңтар айының 19-20 күндері аралығында лицейімізде тарих және география күндері өтті. Осыған байланысты тарих пәні мұғалімдері Тілеубаева Гүлжан апай «Қазақстан нәубат жылдарынды» атты зерттеу әдісі арқылы сабақ өткізсе, Шарипов Арман ағай «Қазақ халқының мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. 

  • Танымал тележүргізуші Динара Болатбекқызымен кездесу

    Танымал тележүргізуші Динара Болатбекқызымен кездесу
    14/1/2017

          Сенбілік кездесуде Шымкент қазақ-түрік қыздар лицейінің түлегі, танымал тележүргізуші, АИБА-ның әйелдер боксы кеңесінің комиссия мүшесі – Динара Болатбекқызы қонақта болды. Өзінің өмірдік тәжірибелерімен бөлісіп,  11-сынып оқушылары үшін әсерлі сұхбат бергені үшін алғыс айтамыз!!!

  • Облыстық пән олимпиадасы – 2017

    Облыстық пән олимпиадасы – 2017
    5/1/2017

           Қаңтар айының 5-6 күндері өткізілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының ІІІ кезеңіне лицейден гуманитарлық пәндер бойынша 16 оқушы, жаратылыстану пәндері бойынша 22 оқушы қатысты. Биология пәні бойынша Н.Сейдазимова (9-сынып) ІІІ орын, Т.Тастанбекова (10-сынып) І орын иеленсе, Б.Келденбаева (10-сынып)  «Жас ғалым» номинациясы дипломымен марапатталды. Физика пәні бойынша А.Икрам (9-сынып) ІІІ орын иеленсе, С.Айтуған (9-сынып) «Жас физик» номинациясы дипломымен марапатталды. Химия пәні бойынша К.Абдугафарова (9-сынып) ІІ орын, ағылшын тілі бойынша Ф.Шермаханова (10-сынып) ІІ орын иеленсе, М.Надирхожаева (10-сынып) «Жас лингвист» номинациясы дипломымен марапатталды. Ұлттық тілде оқтытылатын мектептердегі қазақ тілі бойынша М.Хавазматова (10-сынып) ІІІ орын, Н.Ибрагимова (11-сынып) І орын, Ұлттық тілде оқытылатын мектептердегі орыс тілі Д.Оразбаева (10-сынып) І орын, А.Қахарманова (11-сынып) Іорын иеленді. 

  • «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және суицидке жол бермеу»

    «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және суицидке жол бермеу»
    11/11/2016

    Қатысқандар:

    1. Еңбекші ауданы прокуроры – Е.Мусаев

    2. Еңбекші ауданы әкімінің аппараты бөлім басшысы – Е.Күзенбаев

    3. Еңбекші ауданы әкімінің аппараты бас маманы – С.Арыстанов

    4. Лицей директоры – Б.К.Рысбеков

    5. ӘПБ ЮПТ мектеп инспекторы – Д.Беркинов

    6. Облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог-дәрігері – Қ.Қорғанбаева

    7. № 5-емхана гинеколог дәрігері – Полатова Гүлназира Тұрлыбековна

    8. Еңбекші аудандық «Сәйткерім қажы» мешітінің найыб имамы – Д.Сейдалиев

    9. № 5-емхана психолог дәрігері – Шөкенбаева Гүлнар Тойлыбаева

             Жиынды мектеп директоры Б.К.Рысбеков ашып, «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және суицидке жол бермеу» тақырыбында өткізілгелі отырған жиынның мақсаты және өткізілетін бағдарламаның күн тәртібімен таныстырды.

            Еңбекші ауданы прокуроры – Е.Мусаев өз сөзінде Еңбекші ауданы мектептерінде құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Кездесуге қатысушыларға ҚР заңдары туралы және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы анықтамалар, баптар туралы түсініктемелер беріп өтті.

          Семинар барысында № 5 емхана психолог дәрігері – Г.Т. Шөкенбаева «Стресстің алдын алу және одан арылу жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама стресстің түрлі уайымнан, қорқыныштан, адамның өзіне деген сенімсіздігінен пайда болатындығын айта кетіп, одан арылу үшін адам белгілі бір күн тәртібін ұстап, арнайы психологиялық жаттығулар жасауы керектігіне тоқталып өтті.

          Осы мәселе бойынша облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігері Қ.Қорғанбаева сөз алып, қазіргі кездегі өзекті мәселе болып тұрған жасөспірімдердің зиянды заттарды пайдаланып өз өмірлеріне қауіп төндіріп отырғанын айтты. Жасөспірімдердің ата-аналарының өз балаларына жауапкершілікпен қарамай, көп көңіл бөлмеуі салдарынын көптеген жасөспірімдер зиянды заттарға әуестеніп жүргендіктерін түсіндірді. Осындай жағдайлардың болмауы мақсатында оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үйірмелерге қатысып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақырды.

          Шымкент ҚПБ Еңбекші аудандық ӘПБ ЮПТ инспекторы Д.Беркинов оқушылар арасында жағымсық қылықтармен көзге түсетіндердің бар екендігін айтып, өз іс-әрекеттеріне жауап беретіндерін ұмытпай, жасаған қылмысы үшін 14 жастан бастап жауапқа тартылатындығын біліп, нашақорлық, ұрлық, тонау, зорлау, қарақшылық т.б. қылмыстардан аулақ болуларын талап етті. Сонымен бірге рейдтік іс-шара кезінде балалардың беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде жүрмеу керектігі айтылып, қылмысы үшін ата-аналар да әкімшілік жауапқа тартылатынын оқушыларға ескертті.   

  • «Жаныңда жүр жақсы адам» атты тақырыпта кездесу

    «Жаныңда жүр жақсы адам» атты тақырыпта кездесу
    21/11/2016

    «Парасат» аналар академиясының ұйымдастыруымен осы оқу жылынан бастап «Жаныңда жүр жақсы адам» атты семинар өткізілуде. Бүгінгі қонағымыз – халық ақыны, айтыс майталманы  Әселхан Қалыбекова. Апамыздың сұхбатын тыңдап, айтыс өнерінің тарихымен сусындап, өнегелі өмір иесінің ақ батасын алдық. Оқушыларымызға жылы лебізін білдіріп, мына жыр шумақтарын арнады:

    Асығыс мыны жалған, зәру бәрі,

    Өшуі де оңай ғой, жанулары.

    Сұр жыландай дүниеге уын шашаып,

    Шашылып жатқан сынды бар улары.

    Зұлымға ізгілікпен қарсы болу-

    Мұсылман әйелдердің қарулары.

    Әлемге өнегесін жая берсін

    Қазақ – түрік лицейінің арулары!

     

  • «Жақсы істе жарыс»

    «Жақсы істе жарыс»
    17/11/2016

    Лицейімізде өткен «Жақсы істе жарыс» тақырыбы бойынша Көңілді Тапқырлар Алаңы сайысы болып өтті. Сайыста әр сыныптан 7 - 8 оқушыдан қатысып берілген шарттарға сәйкес сахна төріне өз сыныптарының өнерлерін паш етуде белсенділік танытты. Кешкі бағдарламада көптеген әзілдер қойылып оның берер тәрбиелік мәні де қалыспай айтылды. Оқушылардың өнерлері көрермендерді тамсандырып қана қоймай, олардың екі езуінің екі құлағында болуына себепші де болды. Концерт барысында жұрт ду-ду күліп, көңілдерін бір көтеріп алды. Жалпы, кеш өте қызықты әрі көңілді өтті. Оқушылардың өнерлері әділ - қазылары тарапынан бағаланып, әр сынып тиісті орындармен қанағаттанды.

          Қорыта айтқанда, «Жақсы істе жарыс» сайысы тамаша әсерлерге толы болды. Барлық сыныптың оқушылары белсенділік танытты. Әділ қазыларының әділ шешімі бойынша, I орынды 7 «Б», II орынды 9 «Б», III орынды 10 «А» сынып оқушылары иеленді.

  • «Тәуелсіздіктің нұры – тұңғыш Елбасы»

    «Тәуелсіздіктің нұры – тұңғыш Елбасы»
    28/12/2016

           ҚР  Тұңғыш Президент күні біздің білім ордамызда 28 - 30 желтоқсан аралығында аталып өтті.  Апталықта төмендегідей іс-шаралар жүзеге асты. Олар: «Тәуелсіздіктің нұры – тұңғыш Елбасы» тақырыбында лицей теледидарынан    видео – слайд көрсету, «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» мәнерлеп оқу сайысы, ашық тәрбие сағаттары, «Менің балалық шағым» кинофильм көрсету, «Тәуелсіздік және Елбасы» танымдық жарыс, «Егемен елдің кемеңгер басшысы» кітап көрмесі болып өтті. Бұл атқарылған жұмыстардың әрқайсысы өз алдына маңызды.

           Барлығымыз Тәуелсіз ел, керемет Елбасшымыздың арқасында, алаңсыз білім алып, өз ана тілімізде сөйлеп жүрміз. Оқушылардың бойындағы Қазақстандық патриотизм және азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие қалыптастырады.

  • «Анамызға қолғабыс етеміз»

    «Анамызға қолғабыс етеміз»
    18/11/2016

           «Анамызға қолғабыс етеміз» атты тақырыпта   7 – 10 сынып  оқушылары арасында  әр түрлі матадан құрақ көрпеше тігіп, ою-өрнек түсіріп, оның мән-мағынасын ашып түсіндіруден жарыс болып өтті. Әр сынып оқушылары өздерінің жақсы білетін және жақсы көретін оюларын, құрақтарын дайындап, олардын мән-мағынасын үш тілде түсіндірді. Әділ - қазылар алқасы және мұғалімдеріміз оқушылардың еңбектеріне тамсана қарап, орынды бағалап, оларға алғыстарын білдірді.

           Қорыта айтқанда, «Анамызға қолғабыс етеміз» сайысы өте қызықты өтті. Қыз баланың бойында ұй шаруасында анасына көмектесу, қолғабыс беру сезімдерін қалыптастыруда мұндай іс – шаралардың маңызы өте зор.

           Оқушылар  бұл жарысқа да белсене қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  I орынды 8 «В», 10 «В», II орынды 7 «А»,7 «В», 8 «А», III орынды 10 «А», 9 «А», 9 «В» сынып оқушылары иеленді.

  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздіктің нұры – тұңғыш Елбасы» тақырыбында «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы».

    1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздіктің нұры – тұңғыш Елбасы» тақырыбында «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы».
    28/11/2016

    Мәнерлеп оқу сайысы

            Қарашаның 28 жұлдызы күні лицейімізде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс болып өттті.

            Барлығымыз Тәуелсіз ел, керемет Елбасшымыздың арқасында, алаңсыз білім алып, өз ана тілімізде сөйлеп жүрміз. Осы сайыста Елбасымызға арналған өлеңдерді тыңдап, Отанға деген сүйіспеншілігіміз арта түсті.

     

  • «Мәңгілік бала бейне» атты дарама үйірмесінің қойылымы

    «Мәңгілік бала бейне» атты дарама үйірмесінің қойылымы
    24/11/2016

          24 қараша күні  «№2 қазақ-түрік қыз балалар лицейінде» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған драма үйірмесінің жазушы-драматург Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» драмасының негізінде қойылымы болды. Жазушы-драматург Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» драмасы бүгінгі күні өткенді ұмытпауға, содан тәлім алуға шақырады.

           Қазақ  жерінде, жалпы жер бетінде ажал уын себетін, дүниені теңселтетін ядролық қаруды сынақтан өткізетін  полигондардың болмауын қалайды. Семей ядролық полигоны Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың шешімімен 1991 жылы жабылды.

          Оқушылардың  драмадағы кейіпкерлер бейнесін, ішкі сезімін жеткізе білу шеберлігі нанымды шықты. Лицей оқушылары спектакльді көре отырып, жер бетінде мұндай қатіреттің болмауын қалап, көңілдеріне үлкен ой түйіп қайтты.

         Драманы сахналаған өнерпаз оқушылар өздері таңдаған бейнені толық аша білгендігімен  көрермен қауымды тәнті етті.

  • Президенттік олимпиада

    Президенттік олимпиада
    20/10/2016

          Қазан айының 20 күні президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі Шымкент Ұлдар Білім Инновация лицейінде ұйымдастырылды. Біздің лицейімізден 11 сынып оқушылары Жорабай Перизат пен Амангельдиева Салтанат қатысты. Жорабай Перизат бұл кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 мектепте 11 қараша күні өткізілген президенттік кезеңге іріктеу кезеңіне қатысып қайтты.

           Оқушыларымыз әрқашан биіктерден көріне берсін!!!

  • Анаға апарар жол

    Анаға апарар жол
    19/10/2016

           Қазан айының 19 күні бүкіл лицей оқушыларымен MEGA -  сауда-ойын-сауық орталығында "Анаға апарар жол" атты киноға бардық. «Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді. Оқушлылар киноны ерекше көңіл-күймен тамашалады. Оқушылар ерекше әсер алды!!!

page:

Жаңалықтар

Лицейдің мекен-жайы

  • Шымкент қаласы білім басқармасының «Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты» КММ
    Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесі №114г ғимарат.
  • 8 (7252) 57-66-62

Фотогалерея